Бір жолаушының кесірінен басқалар денсаулығынан айырылмауы тиіс – CTS басшысы

23 Мамыр 2020, 01:33
1230
Бөлісу:
Бір жолаушының кесірінен басқалар денсаулығынан айырылмауы тиіс – CTS басшысы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. City Transportation Systems (CTS) басқарма төрағасы Бекмырза Игенбердинов Нұр-Сұлтан тұрғындарын маска тағу режимін сақтап, әлеуметтік жауапкершілік танытуға шақырды.

Қоғамдық көлік жүре бастаған күннен жолаушылардың санитарлық нормаларды сақтауын қадағаладық. Көліктік бақылау департаментінің қызметкерлері таңғы 6:00-ден бастап автобустар толық тоқтағанша түсіндірме жүргізді. Бетперде тағу ережесін барлығы бірдей сақтаған жоқ. Елордада бетперде тағу режимінің сақталатынын еске саламыз. Жолаушыларға қоғамдық көлікке бетпердесіз кіруге болмайды. Бір адамның кесірі оның өз денсаулығына және жақындарына тиетінін көбі түсінеді деп ойлаймын. Сол себепті біздің тұрғындарға "қоғамдық көлікте бетперде тағыңыз және автобус ішінде оны шешпеңіз" дейміз, – деді ол.

Бетперде тағу режимі автобустардың шыққан күнінен бері сақталуда. Көліктік бақылау департаментінің қызметкерлері жолаушыларда бетперденің бар-жоғын күнделікті тексеріп, түсіндірме жүргізуде. Оған қоса жүргізушілерге автобус ішін 50% ғана толтыру тапсырылған. Жолаушылар тек алдыңғы есік арқылы кіреді.

Карантин шаралары енгеннен бастап жол ақысы қолма-қол ақшасыз, көліктік карта, СМС/QR және мобильді қосымша арқылы жасалады. Бұл жерде айта кететін жайт, SMS/QR төлем саны ұлғайды. Бағыттардың линияға шыққан күнінде, 12 мамырда 36 335 болса, 21 мамырда – 73 925.

Жолаушылар саны күн санап өсуде. 21 мамырда – 309 176, 22 мамырда – 146 907 құрады.

Өзгелердің жаңалығы