Бас жаңалықтар
#Birgemiz. Волонтерлар тегін маска таратты
28 Наурыз 2020, 18:10 343

#Birgemiz. Волонтерлар тегін маска таратты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. BIRGEMIZ ұранымен 150-ден астам ұйымды біріктіретін  волонтерлердің фронт-офисі Президентімізден 500 мың дана бірреттік маска алды. Барлық маскалар балалар үйлеріне, ауруханаларға және халықтың әлеуметтік осал топтарына жақын уақытта беріледі. ⠀

Бүгінде фронт-офис 150-ден астам ұйымды біріктіреді. Олар "Ұлттық волонтерлiк желінің", "Мейірімділер клубының" және "Астана жастарының" волонтерлері "Нұрлы жүрек", "Шарапат" әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында және елордалық Балалар үйінде болған. 

Қазіргі таңда 14,5 мың маска тараттық. Қалған маскалар Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы мұқтаж азаматтарға жақында таратылады - деді волонтерлардың бірі. 

Ұлт денсаулығы үшін бұрын-соңды болмаған бүгінгідей ауқымды жұмыстар жасалып жатқан тұста ортақ іске әр адам өз үлесін қоса алады. Тіпті, қарапайым санитарлық ережелерді сақтау, өзін-өзі оқшаулау және маска кию осы індетке қарсы күресте аса маңызды рөл атқарады.

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, волонтерлік қозғалыстың құрметті елшісі ретінде осындай игі акцияға қатысып, мұқтаж жандарға маска алып бергеніңіз үшін Сізге еліміздің барша волонтерлері атынан алғыс айтамыз! - деп өз алғыстарын білдірді.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...