Бас жаңалықтар
Назарбаевтың қазақ даласында Мәскеу Университетінің ашылуына қосқан үлесі зор
23 Сәуiр 2021, 15:59 190

Назарбаевтың қазақ даласында Мәскеу Университетінің ашылуына қосқан үлесі зор

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Елбасы кітапханасы мен М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалы онлайн форматта «Экономика саласының бүгінгі сыны мен өзгерісі» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы барысында Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің ректоры Виктор Садовничий айтты.

Оның айтуынша, бүгінгі конференция Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы мен Мәскеу университетінің Қазақстандағы филиалының 20 жылдығына арналады.

Бұл шараны ел тәуелсіздігінің нығаюына өлшеусіз үлес қосқан Бірінші Президент Нұрсұлтан Назарбаев атындағы кітапханасымен бірлесіп өткізу Қазақстан мен Ресей елі арасындағы терең ынтымақтастықтың белгісі. Мәскеу университеті үнемі Қазақстанмен білім саласында тығыз байланыста. Бұл бағытта ол өзге елдерге де үлгі бола алды. Нұрсұлтан Назарбаевтың Мәскеу универсиеті қабырғасында сөйлеген сөзі Еуразиялық кеңістікте тарих болып қалады. Ол сөзінде ол Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы идеяны ортаға салған болатын. Екі ел мен арасындағы жақын қатынастың тағы бір белгісі, осыдан жиырма жыл бұрын қазақ даласында Мәскеу мемлекеттік университеті филиалының ашылуы. Ол универсиеттің алғашқы шетелдегі филиалы екенін атап өткен жөн. Оның ашылуына Нұрсұлтан Назарбаевтың үлесі зор. 20 жыл ішінде филиал белделі оқу орнына айналып, екі мыңнан астам түлек түлетті,-деді ол.

Оның айтуынша, екі ел арасындағы ынтымақтастықтың тағы бір белгісі - Қазақстан мен Ресей Федерациясы Үкіметтерінің арасында университеттің ары қарай қызмет етуі бойынша келісімі.

Елдің қазіргі президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осыдан екі жыл Мәсккеуде өткен кездесуде филиалдың қызмет етуі мен дамуы бағытындағы бастамаларға оң бағасын берді. Екі еларасында тығыз байланыстар өзге бағыттарда да дами береді деген сенімдемін, -деді ол.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...