"Бірлік" несиелеу бағдарламасына өзгерістер енгізіледі

15 Қараша 2019, 12:25
2029
Бөлісу:
"Бірлік" несиелеу бағдарламасына өзгерістер енгізіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі өңдеуші кәсіпорындарды шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында қолданыстағы "Бірлік" несиелеу бағдарламасына өзгерістер енгізді, деп хабарлады АШМ баспасөз қызметі.

Өзгерістер бірінші кезекте ауылды елді-мекендерде тұратын азаматтарға өз шаруа қожалықтарын жүргізу үшін несие алу жолдарын қол жетімді етіп отыр.

Бұған дейін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне азаматтардан аталмыш бағдарламанының шарттарын өзгерту туралы ұсыныстар келіп түскен еді. Осы орайда, Министрлік пен "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ бірлесе барлық ұсыныстарды ескеріп, несиелеу бағдарламасына өзгерістер енгізілді.

Енді "Бірлік" несиелеу бағдарламасы аясында шаруа қожалықтары, фермерлік шаруашылықтар және жеке кәсіпкерлерді қаржыландыру қарастырылып отыр. Сондай-ақ, бағдарламаның нысаналық бағыттары кеңейтілді. Бұған дейін жеңілдетілген негізде несиені тек сүт қабылдаумен айналысатын азаматтар ғана берілсе, енді тері мен жүн қабылдау пункттерін құру және оларды дамыту саласын несиелендіру мүмкіндігі туып отыр, - делінген ақпаратта.

Несие алушыларға ең жоғары мөлшер 15 млн теңгеге дейін ұлғайтылды. Бұған дейін қолға берілетін сомма тек 12 млн теңгені құраған болатын.

Өзгелердің жаңалығы