Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды

22 Мамыр 2020, 18:29
1262
Бөлісу:
Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер 23 мамырда еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, екпінді жел соғады деп болжайды.

"Қазгидромет" РМК хабарлауынша, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман, кей жерлерде күші 15-20 м/с жететін жел күтіледі.

Петропавл қаласында найзағай ойнап, оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан жел соғады, түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде күші 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 18 м/с күтіледі.     

Қостанай қаласында да оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с күтіледі.   

Батыс-Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Жел солтүстік, солтүстік-батыстан соғады, күндіз кей жерлерде  күші 15-20 м/с.   

Орал қаласында 23 мамырда  найзағай, бұршақ күтіледі.           

Маңғыстау облысында кей жерлерде найзағай, күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі.     

Күндіз Ақтөбе облысында оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетсе, Ақтөбе қаласында күндіз оңтүстіктен жел соғып, екпіні 15-20 м/с дейін барады.

Атырау облысының батысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с.


Өзгелердің жаңалығы