Биыл 554 мың гектар алаңға үйірлі шегірткелер таралуы мүмкін

29 Мамыр 2020, 13:07
2392
Бөлісу:
Биыл 554 мың гектар алаңға үйірлі шегірткелер таралуы мүмкін
Фото: ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Президенті жанындағы  орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында ҚР АШМ агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Алмабек Марс шегірткеге қарсы күрес бойынша дайындық жұмыстарын жүргізу туралы айтып берді. 

Қазіргі уақытта жалпы әлемде Африка да, Пәкістан да, Ауғанстан да,Үндістан да соңғы 25 жылда болмаған ең ірі шегірткенің ауыл шаруашылығы саласына зардабын тигізгенін атап өткім келеді. БҰҰ азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының мәліметтері бойынша шегіртке шапқыншылығы көптеген аймақтарға таралуы ықтимал аштықтың себебі болуы мүмкін. Қазақстандағы шегірткелерге қарсы күрес жағдайына байланысты ақпарат айтатын болсам. Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемесі орталығы мекеменің болжамына сәйкес, 2020 жылы 554 мың гектар алаңға үйірлі шегіртке, соның ішінде итальяндық 295 мың гектар, азиялық 164 мың гектар және марокколық шегіртке 93 мың гектар алаңға таралуы күтілуде, - деді ол. 
Сонымен қатар, бұдан басқа шегірткенің таралуы 266 мың гектар алаңында таралады деп болжанып отырғандығын жеткізді.
Үйірлі шегірткелермен күрес шараларына бюджеттен 1 млрд теңге бөлініп отыр. Аталған қаражат пестицидтер мен химиялық өңдеу бойынша қызметтердің болжанып отырған барлық алаңға сатып алуға толық мүмкіншілік береді. Саяқ шегірткеге қарсы күрес жүргізу үшін жергілікті бюджет қаражатынан 555 млн теңге қаражат бөлініп отыр. Сонымен қатар, орталық қоймада шегірткемен күресу үшін жалпы 525 мың алаңға 47 мың литр көлемінде пестицид қоры бар. Бұл шегіртке жоюға арналған 95 пайызды құрап отыр. Үйірлі шегірткеге қарсы тиімді өндеу жүргізу үшін пестицидтің әр түрлі топтарынан сатылып алынды. Өңдеуге жалпы 148 бірлік арнайы бүріккіш техника тартылды, - деді спикер. 

Сондай-ақ, министрліктің облыс әкімдерімен бірлесіп, әкімдердің орынбасары басқаратын өңірлерде жедел штабтар құрылғанын тілге тиек етті.
Және мониторинг химиялық өңдеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру жөнінде жұмыс жоспарын бекітті. Шегірткелердің ошақтарын анықтау үшін 570 бірлік автокөлік, GPS-навигатор, GPS-трекер, планшеттер пайдаланылады. Және 1200 тексеруші тартылып, 38 млн гектар зерттелетін болады. Көршілес мемлекеттер Қытай Халық Республикасы, Ресей Федерацисы, Өзбекстанмен шекаралас аумақтарында шегірткені анықтау үшін бірлескен зерттеулер жүргізілетін болады, - деді комитет төрағасы.


Өзгелердің жаңалығы