Бас жаңалықтар
Биыл Ақтау автобустарының 95%-ы жаңартылады
06 Мамыр 2021, 20:02 341

Биыл Ақтау автобустарының 95%-ы жаңартылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылы Ақтаудағы қоғамдық көліктердің 95%-ы жаңартылады деп жоспарланған. 

Ақтау қаласының қоғамдық көлік автобустарын жаңарту мақсатында Маңғыстау облысының әкімдігі «Каспий» ӘКК ҰК және Ақтау қаласының әкімдігімен бірлесіп жоба дайындады. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет Қилыбай мәлім етті. 

Оның айтуынша, жобаның 1-кезеңі бойынша Ақтау қаласының қоғамдық көлік саласына «Қазақстан Даму Банкі» АҚ-ның лизингтік бағдарламасы арқылы Қостанай облысының «СарыАрқаАвтоПром» зауытында құрастырылған «Ютонг» маркалы 18 дана заманауи автобусы сатып алынды. 

Өздеріңіз білетіндей, Ақтауда 2020 жылдың 1 қарашасынан бастап жаңа автобустар қалалық қоғамдық көліктерде, яғни №3, №7, №8 іске қосылды. Қалған қоғамдық көлік автобустарын жаңарту мақсатында, тасымалдаушылар тарапынан тағы 30 төмен еденді жаңа автобустар әкелінді. Оның 12-і Мұнайлы ауданының №107 маршруты үшін. Аталған автобустар қолданыстағы №5, №4м маршруттарында жүргізіледі, - деді қала әкімі. 

Сонымен қатар қаланың №2, №4 маршруттары автобустарын жаңарту үшін «Каспий» ӘКК ҰК-на жаңа 16 автобусқа ұсыныс берілді. 

2021 жылдың соңына дейін автобустарды қалаға жеткізіледі деп жоспарланған. 

Бұдан бөлек, тасымалдаушы мекеме өз қаражаты есебінен 10 дана жаңа заманауи «DAEWOO» маркалы автобустарын сатып алу бойынша алғашқы жарнасын төлеп, құрастырушы кәсіпорынмен келісім шартқа отырды. 

Автобустар 2021 жылдың II тоқсанында жеткізіледі деп күтілуде.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...