Биыл «Бастау бизнес» курстары сәуірдің бiрiншi oнкүндiгiндe бacтaлaды

3 Наурыз 2021, 16:55
1699
Бөлісу:
Биыл «Бастау бизнес» курстары сәуірдің бiрiншi oнкүндiгiндe бacтaлaды

Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Үстіміздегі жылы «Бacтaу бизнec» жoбacы бoйыншa кәciпкeрлiккe oқыту курстары сәуір айының бірінші онкүндігінде басталады.

Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасының Шемонаиха аудандық филиалының директоры Денис Яковенко хабарлады.

Мемлекет тарапынан кәсіпкерлерді қолдаудың қаржылай және қаржылай емес бірнеше түрі қарастырылған. Қаржылай емес түрлеріне – бизнес бастамаларды қолдау, оқыту, бизнес жоспарларын жасап беру және оларды қорғауға дайындау жатса, қаржылай қолдауға қайтарымсыз гранттар мен аз пайызбен несиелеу жатады. Биыл «Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстары сәуір айының онкүндігінде басталады, - дейді Денис Яковенко.

Жалпы 2017 жылдан бері «Еңбек» бағдарламасы негізінде жүргізіліп келе жатқан курстар барысында елімізде 150 мыңнан астам адам курстарда оқып, оның 44 мыңдайы өз жобаларын сәтті қорғап, бизнестерін бастап кеткен. Осының нәтижесінде 60 мыңдай жаңа жұмыс орындары құрылып, адамдарға еңбек етуге мүмкіндік берілген. Биыл әлемді жайлаған коронавирустық инфекцияға бaйлaныcты курстар oнлaйн фoрмaттa ұйымдастырылмақ.

Курстарға жұмыccыздaр, жұмыcқa жaрaмды мүгeдeктeр, жacтaр, оның iшiндe жұмыссыз жacтaр, көпбaлaлы жәнe aзқaмтылғaн oтбacылaрдың, ауыл шаруашылығы кooпeрaтивтeрiнiң, фeрмeрлiк және шaруa қожалықтарының, зәкірлі кооперативтердің зeйнeт жacынa жeтпeгeн мүшелері, өзге өңірлерден қоныс аударып келгендер мен оралмандар қатыса алады. Курстарға мемлекеттік қызметшілер, бала күтіміне байланысты демалыста отырған әйелдер мен арнайы орта білім ордалары мен жоғары оқу орындарының студенттері қатыса алмайды, - дейді Денис Яковенко.

Курсқа қатысу үшін азаматтар жергілікті жердегі жұмыспен қамту орталықтарына өтініш білдіреді. Мамандар олардың мақсатты топқа жататынын анықтаған соң курстарға оқуға жолдама береді. 21 күнге созылатын онлайн курс нәтижесінде қатысушылар 50 дәріс тыңдап, соңында тест тапсырады. Тесті ойдағыдай тапсырып, бизнес-жоспарын қорғап, оны тәуелсіз сарапшының тексеруінен өткізген тыңдаушыға курстан өткенін білдіретін сертификат табысталады. Аталмыш құжат өз кезегінде оған мемлекеттік грант алуға құқық береді.

Егер тыңдаушы тестілеуде қажетті деңгейдегі балл ала алмаса және бизнес-жоспары тәуелсіз сарапшымен нақтыланбаса, оған курс қатысушысы болғандығы туралы құжат беріледі, - деп қосты филиал директоры.

Бұдан бөлек «Бизнестің жол картасы - 2025» мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты арқылы кәсіпкерлерге 5 млн теңгеге дейінгі гранттар беру қарастырылған. Аталмыш бағдарламаның тағы бір ерекшелігі - бағдарлама арқылы бағытталатын қаражаттың 20 пайызы шағын кәсіпкерлікпен айналысатын халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына арналған. Сонымен қатар бизнесті дамыту аясында агроөнеркәсіптік кешендегі өңдеу мен өндіруді қамтитын «Қарапайым заттар экономикасы», «Ақ ниет» және «Ақ ниет - 2» аймақтық бағдарламалары, «Бизнестің жол картасы - 2025», «Еңбек», «Даму-Өндіріс» бағдарламалары арқылы аз пайызбен несие алуға болады. Мұндағы басты талап - оқыту компоненттері бойынша сертификатының және кепілзаттың, жақсы несие тарихының болуы.

Биылдан бастап ел Үкіметі шағын және орта бизнес субъектілерін дамытуға бағытталған жаңа мемлекеттік бағдарлама құрды. Аталмыш бағдарлама арқылы егер жасыңыз 21-ден 65 жас аралығында болса, тіркелген жеке кәсіпкерлігіңіздің жұмыс өтілі 6 айдан асса, өзіңіз Қазақстан азаматы болсаңыз, 5 млн теңгеге дейінгі кепілсіз несие алуға қатыса аласыз, - деп қосты Денис Яковенко.

Өзгелердің жаңалығы