Биыл елімізде мұнай өндіру көлемі 86 млн тоннаға дейін өсуі мүмкін

5 Наурыз 2021, 10:25
1535
Бөлісу:
Биыл елімізде мұнай өндіру көлемі 86 млн тоннаға дейін өсуі мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2021 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда мұнай өндіру көлемі 86 млн тоннаға жетуі мүмкін. Бұл туралы Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев министрліктің кеңейтілген алқа отырысында айтты.

2021 жылдың қаңтар айында қолданылған шектеулерді (ОПЕК+) ескере отырып, ең пессимистік сценарий бойынша 2021 жылға арналған болжамды өндіру көлемі – 83,4 млн тонна болып белгіленді. Бұл ретте бүгінгі таңда әлемдік мұнай нарығы мен мұнайдың баға белгіленімдерінің бірте-бірте қалпына келу үрдісі байқалып отыр. 86 млн тонна жоспарды орындау күтіліп отыр, - деп айтты министр.

Ол баяндап өткендей, 2020 жылдың қорытындысы бойынша мұнай және конденсат өндіру көлемі 85,7 млн тоннаны, мұнай экспорты 68,5 млн тоннаны құрады.

2020 жылдың қорытындысы бойынша мұнай экспорты 68,5 млн тоннаны құрады. 2021 жылға арналған жоспар 67,5 млн тоннаны құрайды. 2020 жылдың қорытындысы бойынша мұнай өңдеу көлемі - 15,8 млн тонна. 2021 жылға арналған мұнай өңдеу жоспары - 17 млн тонна, - деп түсіндірді ол отырыста.

Сонымен қатар 2020 жылдың қорытындысы бойынша мұнай өнімдерін өндіру көлемі 11,5 млн тоннаны құрады. 2021 жылға арналған жоспар - 12,4 млн тонна.

2020 жылы өндіру саласы COVID-19  пандемиясынан көп зардап шеккенін атап өтті, бұл мұнай бағасына да әсер етіп, ОПЕК+ келісімі шеңберінде мұнай өндірісін шектеуге, уран өндірісін төмендетуге және тағы басқа салдарға әкеп соқты, - деді Нұрлан Ноғаев.

Өзгелердің жаңалығы