Биыл мемлекеттік аппаратты 10 пайызға қысқарту керек – Тоқаев

1 Қыркүйек 2020, 11:33
2324
Бөлісу:
Биыл мемлекеттік аппаратты 10 пайызға қысқарту керек – Тоқаев
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Биыл мемлекеттік аппаратты 10 пайызға қысқарту керек, деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында.

Жоғары көрсеткіштер мен индикаторларға негізделген мемлекеттік бағдарламаларды дайындауды тоқтату керек. Барлық азаматқа түсінікті жинақы әрі ұлттық жобалардың форматына көшу керек. Бұл реформаларды жүеге асыру барлық мемлекеттік аппаратты қайта қарауды талап етеді. Бұл жерде реформаны жоспарлау мен жүзеге асыруда синергия маңызды рөлге ие. Мемлекеттік қызмет жүйесін қайта жүктеу керек. Пандемия кезіндегі мемлекеттік органдардың қашықтан жұмыс істеуі мемлекеттік органды қысқаруға болатынын көрсетті, - деді Тоқаев. 
Президент мемлекеттік орган мен квазимемлекеттік секторды қысқарту жұмыстарын жеделдетуді тапсырды. 
Биыл оны 10 пайызға, келер жылы тағы 15 пайызға қысқарту керек. 2021 жылы мемлекеттік органды 25 пайызға қысқарту жоспарын орындаймыз. Қорытынды бойынша және цирфландыру нәтижелеріне сәйкес, одан әрі қысқарту бойынша шешім қабылдаймыз. Қысқарту есебінен қалған мемлекеттік органдардың жалақысын көтеруге жұмысалады, - деді ол. 
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жариялады.

Естеріңізге сала кетейік, Президент Стратегиялық жоспарлар мен реформалар агенттігі құрылатынан айтқан еді. Сондай-ақ, алдымызда тұрған басты міндет – әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты сақтап қалу екендігін айтты.


Өзгелердің жаңалығы