Биыл Шығыста 560 мың шаршы метр тұрғынүй салынады

26 Ақпан 2021, 12:15
1332
Бөлісу:
Биыл Шығыста 560 мың шаршы метр тұрғынүй салынады

Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Жыл соңына дейін облыс аумағында 560 мың шаршы метр тұрғынүй пайдалануға беріледі. Бұл туралы облыс тұрғындары алдында есеп берген аймақ басшысы Даниал Ахметов хабарлады.

Биылғы жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы жұмыстар жалғасын тауып, жалпы сомасы 22,4 млрд. теңге мөлшеріндегі қаражат игерілмек. Атап айтсақ, әлеуметтік сала бойынша 14, ал тұрғынүй-коммуналдық шаруашылық пен көлік-инженерлік инфрақұрылымның 33 нысаны салынады. 

Былтырғы жылы тұрғынүй құрылысы бағытындағы инвестициялар 1,5 есеге өсіп, 30 миллиард теңгеге жетті. Яғни, былтыр 520 мың шаршы метр тұрғынүй пайдалануға берілді. Биыл жалпы ауданы 560 мың шаршы метр тұрғынүйді пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз, - деді Даниал Ахметов. 

Сонымен қатар «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында жеке тұрғынүйлер салу, оларға инженерлік коммуникацияларды тарту жұмыстары қарқын алды. Сондай-ақ, ірі құрылыс жүргізумен айналысатын мердігерлерге жеңіл болуы үшін облыстың 18 аудан, қаласындағы бос жер учаскелері енгізілген геоақпараттық портал ашылды. 

Қоса кетсек, соңғы жылдары облыс аумағында әлеуметтік нысандарды салу жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде. Атап айтсақ, былтыр аталмыш салады 19 жоба іске асырылса, биылғы жылы 30 нысанды іске қосу жоспарланған. Оның ішінде 13-і спорттық, алтауы – білім беру, бесеуі – денсаулық сақтау, төртеуі – мәдениет, екеуі – басқа да нысандар болмақ.


Өзгелердің жаңалығы