Биыл Түркістанда 15 нысан пайдалануға беріледі

15 Шілде 2020, 18:25
1153
Бөлісу:
Биыл Түркістанда 15 нысан пайдалануға беріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев облыс орталығында бой көтерген тұрғын үй құрылысы мен әлеуметтік нысандардың құрылысында болды, деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Түркістан қаласындағы тұрғын үй құрылыс жұмыстарына мониторинг жасау үшін тиісті жауапты мамандар бекітіліп, құрылыс жұмыстарының күн сайынғы мониторинг жұмыстарын жүргізуде. Тұрғын үйлердің сырқы қасбетті, электр желілері мен ішкі әрлеу, есік-терезелер орнату жұмыстары жүргізілуде. Облыс басшысы алдағы күз айында ел игілігіне берілетін баспаналардың сапасына баса назар аударуды талап етеді.

Биыл Түркістан қаласында 15 нысанның құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі. Қаладағы көгалдандыру жұмыстарының барысын тексерген облыс әкімі биыл іске қосылатын жаңа нысандардың, драма театр, облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының құрылысын, Қожа Ахмет Яссауи мұражайы нысанының, "Тұңғыш Президент саябағы", Желілік саябақ құрылыстарын аралап көрді. "Әзірет Сұлтан" тарихи-мәдени қорығының визит-орталығы мен "Ұлы дала елі" орталығы салынып жатқан жерлерде болды. Ққұрылыс жұмыстары жоспарға сай жүріп жатыр.

"Тұңғыш Президент саябағында" бүгінгі таңда су және кәріз жүйелері мен  кіреберіс аркасының металл-конструкциясы толығымен аяқталған. Сатылы су бұрқақтың бетон құю жұмыстары жүргізілуде. 2 мың түп ағаш отырғызылып, аяқ жолдар төселуде.

Желілік саябақта су бұрқақ құрылысы  мен жалпы суару жүйенің 1 кезеңі 100%-ға орындалған. Сыртқы суғару жүйелерінің құрылысы, ағаштарды отырғызу, газон төсеу жұмыстары мен аяқжолдар, керуен жолдары және канал жұмыстарының 95 % аяқталған. Бассейн орнатылып, көгалдандыру, жарық шамдары қойылып, аяқ жол тақталары толық төселген.


Өзгелердің жаңалығы