Биыл Түркістан облысында 30 млн дана тал егіледі

6 Наурыз 2021, 05:40
1462
Бөлісу:
Биыл Түркістан облысында 30 млн дана тал егіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл Түркістан облысында 30 млн дана тал егіледі деп жоспарланып отыр. Сондай-ақ, облыс орталығы Түркістан қаласы айналысына 20 мың гектар аумаққа жасыл белдеу қалыптасатын болады. Қазіргі таңда оның 7 700 гектары аяқталған. Бұл туралы облыстық табиғи ресурстар және табиғат реттеуді пайдалану басқармасының басшысы Қайрат Әбдуәлиев мәлімдеді.

Бүгінде облыста 3 млн 131 мың гектар орман қоры жерлері бар, оның ішінде орманмен көмкерілген алқабы 1 млн 630 мың га.

Басқарма басшысының айтуынша, 2020 жылы орманды молайту шаралары бойынша 11 610 гектар жерге мәдени орман екпелерін жүргізу жоспарланып, толығымен орындалған.

Түркістан қаласындағы жасыл белдеу аумағына КазАтомпром АҚ-мен қосымша 3 664,5 гектар жапырақты және сексеуіл көшеттері мен тұқымы егілді. Сондай-ақ орман тұқымбақтарының көлемі екі есеге ұлғайып, онда әр жылы 35-40 млн әр түрлі ағаш көшеттерін өсіруге қол жеткізіледі, - деді басқарма басшысы.

Өзгелердің жаңалығы