Биыл Жезқазғанға айрықша көңіл бөлеміз - әкім

25 Қаңтар 2021, 21:35
1496
Бөлісу:
Биыл Жезқазғанға айрықша көңіл бөлеміз - әкім

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылы Жезқазған қаласының дамуына ерекше назар аудару жоспарланып отыр. Бұл туралы Қарағанды облысын әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.

Қаланың жылу және сумен жабдықтау желілерін қайта құру және жаңарту жалғасады. Екінші тоқсанда Талап ауылы мен Қабанбай батыр шағын ауданындағы үйлердің бірінші кезегі орталықтандырылған газбен қамтуға қосылады деп күтудеміз. Теректі станциясындағы мектептің құрылысы осы жылдың қыркүйегіне дейін аяқталады - деді ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Оның сөзіне қарағанда, «Қазақмыс» корпорациясы медициналық қызметкерлерінің штатын кеңейтуге байланысты денсаулық сақтау саласының жас мамандарына пәтерлер бөлу жоспарланып отыр. 

Осы жылы Жезқазғанда тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған Дағдарыс орталығы құрылады. Бюджет қаражаты есебінен кезекте тұрған 108 отбасы баспана алатын үш көпқабатты үйдің құрылысын аяқтау жоспарлануда. Тұрғындарды қаланың тозығы жеткен және апатты үйлерінен көшіруге тиісті назар аудару қажет. Биыл алғашқы 25 көпқабатты апатты үйдің тұрғындары көшіріледі. Сол сияқты биыл дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын аяқтау жоспарлануда - дейді өңір басшысы.

Сонымен қатар облыс әкімі «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша игеру қажет резервтер бар екенін айтты. 

Сондықтан мен жезқазғандық кәсіпкерлерді осы қолдауды пайдалануға шақырамын. Мен қала әкіміне жаңа инвестициялар тарту, кәсіпкерлікті қолдау, тұрғын үй салу, азық-түлік бағаларының негізсіз өсуіне жол бермеу туралы тапсырма бердім - деді Жеңіс Қасымбек.
Өзгелердің жаңалығы