Биыл жоспарланған заң жобасының жартысы мерзімінен кеш ұсынылды – Бекетаев

30 Желтоқсан 2019, 09:28
3494
Бөлісу:
Биыл жоспарланған заң жобасының жартысы мерзімінен кеш ұсынылды – Бекетаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.  2019 жылы ҚР Үкіметі 32 заң жобасын әзірлеу керек болатын. 

Бастапқы осы жылға бекітілген жоспар бойынша 27 заң жобасын әзірлеу көзделген. Алайда әзірлеуші органдардың ұсыныстарына сәйкес тағы бес заң жобасы қосылған. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің төрағалығымен өткен Үкіметтің 2019 жылдағы соңғы отырысында әділет министрі Марат Бекетаев айтты.

Заң жобаларының 2019 жылға арналған жоспары бекітілген кезде онымен 27 заң жобасын әзірлеу және Парламентке енгізу көзделген болатын. Алайда әзірлеуші органдардың ұсыныстары негізінде жоспарға жыл ішінде енгізілген түзетулерді ескере отырып, онымен 32 заң жобасын әзірлеу көзделеді. Олардың барлығы Парламентке енгізілді. Оның ішінде үш заң жобасына мемлекет басшысы қол қойды. 29 заң жобасы Парламенттің қарауында.

Дегенмен бұл жоспар көзделген мерзімде орындалмаған. Нәтижесінде Парламентке кіргенмен, 12 заң жобасы бірінші жартыжылдыққа "үлгермей қалған". Осылайша, 2019 жылдың ІІ жартыжылдығында Парламентке 13 заң жобасы емес, екі еселеніп 25 заң жобасы енгізілген.

Жыл ішінде жоспарға он рет түзетулер енгізілді. Аталған түзетулермен төрт заң жобасы енгізілді. Он екі заң жобасы бойынша мерзімдер ауыстырылды және бір заң жобасы екіге бөлінді. Жоспарда белгіленген мерзімдердің бұзылуының негізгі себептері – заң жобасының тұжырымдамасын әзірлеу сатысында құқық қолдану тәжірибесіне сапасыз талдау жүргізу, сондай-ақ әзірлеуші мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының тарапынан қажетті бақылаудың болмауы. Сонымен қатар, әзірлеуші мемлекеттік органдар заң жобаларының ережелерін мақсатты топтармен талқылау бойынша тиісті жүргізбеген. Бұл факторлар 2019 жылға жоспарланған заң жобаларының мерзімдерінің жартысын ауыстыруға алып келді. Нәтижесінде екінші жартыжылдықта Парламентке 13 заң жобасы емес, 25 заң жобасы енгізілді. Яғни бастапқыда жоспарланған саннан екі есе көп.

Өзгелердің жаңалығы