Біз тексерістерге нақты мәліметтермен шыға бастадық – вице-министр

22 Маусым 2021, 18:28
1791
Бөлісу:
Біз тексерістерге нақты мәліметтермен шыға бастадық – вице-министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Марат Сұлтанғазиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

Оның айтуынша, өткен жылы, пандемияға байланысты фискалды бақылау шаралар тоқтатылғанына қарамастан, 6 ай ішінде мемлекеттік кірістер органдары 710 миллиард теңге салықтық түсімдерді қосымша қамтамасыз етті.

Жалпы, 86 түрлі тәуекел модельдерін қарастыратын тәуекелдерді басқару жүйесін қолданудың арқасында қашықтықтан басқарудың жаңа әдістері әзірленді. Жүйе үлкен деректерді талдау және деректерді жинау құралдарымен жабдықталған. Біз тексерістерге нақты мәліметтермен шыға бастадық. 2020 жылы тексерулер саны 58% -ға қысқарды, ал тиімділігі 29% -ға артты. Биыл фискалдық органдардың назары жер қойнауын пайдаланушылар мен құрылыс компанияларына түсті. Бірінші жартыжылдықта тәуекелді басқару жүйесіне 113 компания таңдалды, - деді ол. 

Оның айтуынша, «Электронды шот-фактуралар» ақпараттық жүйесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.

Аталған жүйе карантин кезінде өзектілігін көрсетті. Яғни салық төлеушілер қашықтықтан - бір-бірімен кездеспей жұмыс істеген уақытта. Жүйе фискалды органдарға жеткізушілер мен сатып алушылар арасындағы транзакцияларды онлайн режимінде көруге мүмкіндік береді. Бұрын біз мұндай операцияларды есепті кезеңнің соңында, алты айдан кейін ғана көрдік. Бүгінгі күні ЭСФ-дың арқасында сату тізбегі арқылы салық төлеуден жалтарғандар анықталуда. Халықаралық тәжірибені ескере отырып, біз қашықтықтан ақпараттық өзара әрекеттесуге негізделген ірі бизнестің көлденең мониторингі бойынша жобаны бастадық, - деді Сұлтанғазиев.
Өзгелердің жаңалығы