Бас жаңалықтар
Біздегі вакциналар вирустың мутацияланған түріне қарсы тұра алады
09 Сәуiр 2021, 14:30 217

Біздегі вакциналар вирустың мутацияланған түріне қарсы тұра алады

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Қазір салынып жатқан «Спутник V» вакцинасы коронавирустың мутацияланған штаммдарына қарсы тұра алады. 

Өйткені бұл векторлы вакцина, оның тиімділігі жоғары. Бұл туралы профессор, Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жұқпалы және тропикалық аурулар кафедрасының медицина ғылымдарының докторы Күләш Құрманова онлайн брифингте айтты.

«Спутник V» және қазақстандық «QazCovid-in» вакцинасы - векторлық болып табылады және адам аденовирусының рекомбинантты бөлшектері, оларда коронавирус қабықшасының S протеині - антиденелер бөлінетін ақуыз бар. Бұл вакциналар кез-келген мутацияланған коронавирус штаммдарына қарсы тиімді болады,-дейді профессор.

Сонымен қатар ол вакцина салдырған соң қалыптасатын иммунитет қанша уақытқа дейін жететінін айтты.

Вакцина алған соң қалыптасатын иммунитет кем дегенде бір жылға шыдайды, ал кейбірінде оданда көп уақытқа барады. Бұл адам ағзасына байланысты. Ал, виурс жұқтырып, табиғи жолмен қалыптасқан иммунитетке келсек, ол да ауру түріне қарай болады. Мәселен, кейбірінде сырқат жеңіл өтуі мүмкін, олардың иммунитеті көп сақталмайды, тіптен болмауы да мүмкін. Сондай-ақ сырқат ауыр жүрген кезде науқастың иммундық жүйесін әлсіретіп жібереді, оларда да вирусқа қарсы иммунитет қалыптаспай қалады. Сондықтан вакцина алған дұрыс,-дейді Күләш Құрманова.

Маман вакцина жасап жатқан ресейлік және отандық зерттеу институттарының тәжірибесі мол екенін айтты.

Алғаш коронавирус 2002 жылы, кейін 2018 жылдары тарады. Ол кезде бұл вирус қауіпті емес еді. Соңғы тараған түрі адамға да, жан-жануарлар үшін де қауіпті болып отыр. Вирус мутацияға ұшыраған сайын вакцина жасау ісі де тоқтамайды, - деді ол.

Сөз арасында ол коронавируспен ауырған адамдар оңалтуды қажет етеінін жеткізді.

Эпидемиологтар мен әртүрлі мамандықтағы дәрігерлердің, атап айтқанда инфекционистер, нефрологтар, эндокринологтар, неврологтар пікірімен келісемін. Коронавирустық инфекция ауруының нәтижесінде ішкі органдарды, әсіресе ми, жүрек, бүйрек, бауыр және тағы басқа ағзаны зақымдайды, оның салдары әр адамда ауруға дейінгі денсаулық жағдайына, инфекциялық процестің ауырлығына байланысты әр түрлі көрінеді. Сондықтан әр науқастың жағдайына жеке қарау қажет. Жалпы, физикалық тұрғыда белсенділік, дұрыс тамақтану, толық ұйқы, жаман әдеттерден бас тарту мұның бәрі иммунитетті көтереді,-дейді профессор.

Фото: дереккөз
Загрузка...