БҚО-да карантин талаптарын бұзған 78 нысан анықталды

22 Қараша 2020, 02:31
974
Бөлісу:
БҚО-да карантин талаптарын бұзған 78 нысан анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс Қазақстан облысында қараша айынан бері карантин режимін бұзған 78 нысан анықталған, деп хабарлайды «Мой город» басылымы.

7 миллион теңгеден аса сомаға 123 әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама жасалды. Жаппай іс-шара жасаған - 49 жағдай, маска режимін бұзған - 37 жағдай, сағат 23:00-ден кейін жеке автокөлікпен жүрген - 25 адам, жұмыс режимінің бұзған 11 нысан, дезинфекциялық көрпеше мен қызметкерлердің дене қызуын өлшеуге арналған құрал 1 нысанда болмады», - деп жазылған хабарламада. 

Өзгелердің жаңалығы