БҚО-да күнкөрістің ең төменгі деңгейі қандай?

8 Мамыр 2021, 14:47
1689
Бөлісу:
БҚО-да күнкөрістің ең төменгі деңгейі қандай?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. БҚО-да 2021 жылғы сәуірдегі күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 31 913 теңгені құрады, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.

2021 жылғы сәуірдегі негізгі тағам өнімдерін ең аз деңгейде тұтынуды есепке ала отырып, жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы алдыңғы аймен салыстырғанда 0,8%-ға, 2020 жылғы сәуірмен 13%-ға өсті.

Ең төмен күнкөріс деңгейі – шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетiнiң құнына тең, бір адамға арналған ең төмен ақшалай кiрiс.

Ең төмен тұтыну себетi адамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін қажетті тамақ өнімдерінің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің заттай және құн түріндегі ең төмен жинағын білдіреді. Ол азық-түлік себетінен және азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың тіркелген үлесінен тұрады.

Ең төмен күнкөріс деңгейін есептеуге арналған аз тұтынылатын азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың үлесі 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі тұтыну себеті құнының 45 пайыздық мөлшерінде белгіленген.

Өзгелердің жаңалығы