Бас жаңалықтар
Блок-бекеттер ұшу аппараттарымен бақыланады
01 Сәуiр 2020, 08:10 149

Блок-бекеттер ұшу аппараттарымен бақыланады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұшқышсыз ұшу аппараттарын әскери қызметшілер блок-бекеттерде қолдана бастады. Бұл шара төтенше жағдайды бақылау және күшейтеу үшін қолданылады, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Қарулы Күштердің ұшқышсыз ұшу аппараттарының есептері әуе барлауын жүргізу, төтенше жағдай режимінің бұзылуын анықтау және оған жол бермеу мақсатында тартылады. Олар азаматтық халықтың блок-бекеттерді рұқсатсыз кесіп өтуінің және автокөліктердің карантиндік аймаққа және одан тыс жерлерге өтуін болдырмау үшін қажет, – делінген хабарламада.
Айта кетелік, 19 наурыздан бастап төтенше жағдай және карантин режимін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар шеңберінде Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына кіретін және шығатын жолдарда блок-бекеттер орнатылып, Қарулы Күштердің әскери қызметшілері, полиция және Ұлттық ұлан өкілдерімен бірлесіп тәулік бойы кезекшілік атқарады. ІМ бөлімшелері блок-бекеттерден өтіп жатқан техниканы тексеріп содан кейін өткізуде. Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдай туындаған кезде күшейту жұмыстарына әскери қызметшілер, оның ішінде әскери полиция тәжірибелі қызметкерлері тартылған.
Қойылған шектеулерге қарамастан блок-бекеттерді заңсыз кесіп өту әрекеттері орын алуда. Тыйым салынған аумақты кесіп өтудің тәсілдері әр түрлі, оның ішінде блок-бекеттерді айналып өту де бар.  Ұшқышсыз ұшу аппараты әскерилер мен полиция қызметкерлеріне барлық бағыттар бойынша көру мүмкіндігін кеңейтуге, орын алатын бұзушылықтарды болдырмау үшін блок-бекеттерді бақылауға мүмкіндік береді, – дейді ведомствоның баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, маңызды оқу-жауынгерлік мәселені шешуде ұшқышсыз ұшу аппараттары Қазақстанның Қарулы Күштерінде белсенді түрде қолданылады. Олар әуедегі барлау жұмыстарын күндіз-түні өткізіп, артиллерия отын түзетуге, нысандарға авиация мен қолданылатын күшті тура дәлдеу. Ұшқышсыз ұшу аппараттары оқу-жаттығу кезінде ғана емес, олардың көмегімен Арыстағы аумақты барлауды, инженерлік бөлімшелердің жұмысын қадағалауды және жарылғыш заттар табылған жағдайда жедел штабқа баяндау кезінде өзінің тиімділігін көрсеткен болатын.


Фото: дереккөз
Загрузка...