Блок-бекетте қаза болған полицейдің анасы үндеу жасады

1 Маусым 2020, 22:39
2290
Бөлісу:
Блок-бекетте қаза болған полицейдің анасы үндеу жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Алматыда блок-бекеттегі жол апатынан қаза тапқан Дастан Әбдіқановтың анасы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан ұлының өліміне қатысты тергеуді қадағалауды сұрайды. 

Бұл туралы Жанатгүл Абирова өзінің инстаграм парақшасында жазған.

Мен қызмет бабында қаза болған Абдықанов Дастанның анасымын. Дастан 26 жасында Елі мен Отаны алдында адал қызмет етіп жүріп, кісі қолынан қаза болды. Әлеуметтік желіден келінім Динара күйеуінің өліміне кінәлі Азат Азаматовтың суретін көргенде бірден таныған. Себебі ол күйеуі жұмыста болған уақытта үнемі сөйлесіп отырған, оның кіммен бірге сменге түсетінін жақсы білген. "Қылмыскердің полицияда әлі де жұмыс істейтінін, желіде жалған ақпарат таралып жатқандығын, тек шындықты айтыңыздар" деп жазғанын растаймын - делінген Жанатгүлдің жазбасында.

Ол "әкесі тілшілерге келінімен сөйлеспей тұрып, өз ойымен келінім ешқандай жазба қалдырған жоқ деп сұқбат берген" - деген пікірде.

Шындығында келінінің жазбасы туралы білмеген. Біздің бір-бірімізбен әңгімелесіп, желі қарап, талқылауға жағдаймыз болған жоқ. Мен ұлымның абыройына нұқсан келмеуін және қылмыскердің әділ, заң талаптарына сай, қатаң жазалануын сұраймын. Бұл аса қайғылы істің ақ-қарасын анықтап, қанышер қылмыскердің әділ жазасын алуын талап етемін. Мен ешкімге сенбеймін. Құрметті Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мырза, осы іс тікелей өз бақылауыңызда болып, қылмыскер әділ жазасын алады деп сенемін - дейді полицейдің анасы.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Мен қызмет бабында қаза болған Абдықанов Дастанның анасымын. Дастан 26 жасында Елі мен Отаны алдында адал қызмет етіп жүріп, кісі қолынан қаза болды. Әлеуметтік желіден келінім Динара күйеуінің өліміне кінәлі Азат Азаматовтың суретін көргенде бірден таныған. Себебі ол күйеуі жұмыста болған уақытта үнемі сөйлесіп отырған, оның кіммен бірге сменге түсетінін жақсы білген. "Қылмыскердің полицияда әлі де жұмыс істейтінін, желіде жалған ақпарат таралып жатқандығын, тек шындықты айтыңыздар" деп жазғанын растаймын. Әкесі тілшілерге келінімен сөйлеспей тұрып, өз ойымен келінім ешқандай жазба қалдырған жоқ деп сұқбат берген. Шындығында келінінің жазбасы туралы білмеген. Біздің бір-бірімізбен әңгімелесіп, желі қарап, талқылауға жағдаймыз болған жоқ. Мен ұлымның абыройына нұқсан келмеуін және қылмыскердің әділ, заң талаптарына сай, қатаң жазалануын сұраймын.Бұл аса қайғылы істің ақ қарасын анықтап, қанышер қылмыскердің әділ жазасын алуын талап етемін.Мен ешкімге сенбеймін.Құрметті Президент ҚасымЖомарт КемелұлыТоқаев мырза осы іс тікелей өз бақылауыңызда болып,қылмыскер әділ жазасын алады деп,сенемін.

Публикация от Абирова Жанатгул (@abirovazhanatgul)



Естеріңізге сала кетейік, бүгін Жандарбек Бекшин ауруханада жатқан үшінші полицейдің жағдайынан хабар берген болатын.

Өзгелердің жаңалығы