Блок-бекеттер алынғанымен, карантин талаптары сақталады

29 Мамыр 2020, 17:39
1992
Бөлісу:
Блок-бекеттер алынғанымен, карантин талаптары сақталады
Фото: ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Көліктегі тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы, Көліктегі мемлекеттік бас санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг кезінде мәлімдеді.

1 маусымнан бастап теміржол, автобус, автокөлік қатынастары жұмысы жолға қойылатын болды. Осы орайда теміржолға қатысты ережелерге тоқталсам, жолаушылар вокзалға маска және жол жүру билеттері арқылы ғана жіберіледі. Арақашықтық вокзалда да, вагондарда да қатаң сақталуы керек. Дезинфекция шаралары күшейтілген. Залалсыздандыру режимін және жеке бас гигиенасын сақтау мақсатында возкал және жолаушылар пойызы вагондарына арнайы санитайзерлер орнатылады. Автобустарда да теміржолдағыдай санитарлық талаптар сақталады, - деді ол.

Сәдуақас Байғабылов теміржол және автовокзал қызметкерлері әр ауысымға кірісер алдында арнайы тексерістен өтетінін айтты. 

Жолаушылардың да пойыз және автобусқа кірмес бұрын температурасы тексерілетін болады. Айта кету керек, әр өңірдегі жағдайға байланысты карантин талаптарын жеңілдету мәселесі қаралады. Ал, блокпосттарды алу, бұл карантинге дейінгі жағдайға қайта ораламыз деген сөз емес, санитарлық ережелер бұдан кейін де қатаң сақталатын болады, - деді ол. 

Сәдуақас Нығметоллаұлы теміржол және автовокзал арқылы қатынаған адамдар карантинге жатқызылмайтынын жеткізді.

Пойыздарда вагон-мейрамханалар мен вокзалдардағы түрлі тамақтану орындары жұмысының әзірге іске қосылмауы да маңызды. Жол жүру кезінде вагоннан вагонға немесе өзге де жерлерге шығуға рұқсат жоқ. Вагондардағы дезинфекциялық режимді бортсеріктер қадағалап отырады, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы