4 мамырда «Болашаққа» құжат қабылдау басталады

22 Сәуір 2021, 17:02
2815
Бөлісу:
4 мамырда «Болашаққа» құжат қабылдау басталады

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте айтты.

«Болашақ» бағдарламасы бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау 4 мамыр күні басталып, осы жылғы 27 қазанға дейін жалғасады. Яғни бұрынғымен салыстырғанда биыл құжат қабылдау жыл бойы жалғасады. Тиісті дайындық жұмыстары жасалды. Енді стипендиялар үш кезеңде – маусым, тамыз және қараша айларында тағайындалады, - деді ол. 

Конкурстың ең маңызды құжатының бірі – «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқу үшін бағдарлануға болатын мамандықтар тізбесі. 

Былтыр стипендияны бөлу ережесіне өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, іріктеу процесі мен конкурсқа жіберу. Енді магистратура мен докторантураға тапсырушылар тізімде көрсетілген шетелдік университеттерге өз беттерімен құжат тапсыра алады. Кейін оның нәтижесі бойынша «Болашақ» бағдарламасына халықаралық стипендияны алуға құжат тапсыра алады, - деп түсіндірді вице-министр Мирас Дәуленов. 

Оның сөзінше, білім және ғылым саласының мамандарынан құралған республикалық комиссия 2021 жылға арналған басым мамандықтар тізбесінің жобасын жасап, оны бекітті.

 

Өзгелердің жаңалығы