Бас жаңалықтар
«Болашақпен» оқыған қанша маман шетелде жүргені белгілі болды
22 Сәуiр 2021, 18:41 311

«Болашақпен» оқыған қанша маман шетелде жүргені белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Айнұр Кәрібозова «Болашақ» халықаралық стипендиясының қанша түлегі шетелде жүргенін айтты.

Оның сөзінше, 27 жылдық «Болашақ» халықаралық стипендиясының тарихында еліміздің 14 156 азаматы стипендияның иегері атанған. 

Олардың 11 133-і бағдарламаның түлегі, ал 7 700-ден астамы бағдарламаның әкімдеушісі – Халықаралық бағдарламалар орталығы алдында еңбек өтіліміне байланысты міндеттемелерін атқарып болғандар. Ал 3 000-нан астамы Халықаралық бағдарламалар орталығымен 3 жылдық және 5 жылдық еңбек өтілімін өтеп жүргендер. Біз олармен ұдайы жұмыс істейміз. Сондай-ақ елден тыс қалғандардың жалпы пайызы қазір 3%-дан төмен. Яғни олар елден жырақта қалғандар. Қалған азаматтардың бәрі өз мамандықтары бойынша елімізде әртүрлі салада қызмет етіп жатыр, - деп түсіндірді Айнұр Кәрібозова.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті атап өткендей, 1 133 түлектің 179-ы, яғни 1,3 пайызы елден тыс жерде жүргендерді құрап отыр.

Еске сала кетейік, «Болашақ» түлектеріне республикалық маңызы бар үш қалада (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент) 5 жыл, ал аймақтарда алған мамандығы бойынша 3 жыл еңбек өтілімі бойынша міндеттеме қойылған.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...