Бразилияда 4,5 млн адам коронавирус жұқтырған

20 Қыркүйек 2020, 09:27
1455
Бөлісу:
Бразилияда 4,5 млн адам коронавирус жұқтырған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бразилияда пандемия басталғалы 236 адам көз жұмып, 3,8 миллион адам бұл дерттен емделіп шыққан.

Сонымен қатар, соңғы тәуліктерде 30 913 адам коронавирус дертін жұқтырған. Бүгінгі таңда COVID-19 жұқтырғандар саны 4,5 млн адамнан асып отыр. Яғни 4 528 347 адам коронавирус дертін жұқтырғандары анықталып отыр. Бұл көрсеткіштер Worldometer сайтында жарияланған. 

Әлемде індет жұқтырғандар бойынша Бразилия үшінші орында тұр. Бірінші орында АҚШ (6 966 774), екінші орында Үндістан (5 398 230). Содан кейін Ресей (1 097 251) және Перу (762 865). 

Соңғы деректер бойынша әлемде 31 миллион адам коронавирус дертін жұқтырған, оның 960 мыңы көз жұмған, 22,5 миллион адам емделіп шыққан.   

Естеріңізге сала кетейік, 19 қыркүйек күні әлемде індетті жұқтыру бойынша жаңа антирекорд тіркелген болатын. Бір тәулікте 314 097 адамнан коронавирус анықталған болатын.
 


Өзгелердің жаңалығы