Бас жаңалықтар
Бразилияның Сан-Паулу штатында шектеулер қайта қатаңдатылды
07 Наурыз 2021, 16:15 369

Бразилияның Сан-Паулу штатында шектеулер қайта қатаңдатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бразилияның Сан-Паулу штатында індеттің күшеюіне байланысты шектеулер қайта қатаңдатылды, деп хабарлады «Хабар 24». 

Шара екі аптаға созылмақ. 

Осыған байланысты өңірдегі көптеген кәсіпорын уақытша жабылып, мекемелердің көбі қашықтан жұмыс істеуге көшірілді. 

Ал кешкі сағат 20:00-ден таңғы 05:00-ге дейін коменданттық сағат енгізілді. 

Үкімет мұндай шараға науқастар санының күрт өсуінен барып отыр. Бірақ шектеу шаралары экономикаға кері әсер етіп жатыр. Сауда жоқ, кәсіпорындар банкротқа ұшырауда. Адамдар осыны түсініп тәртіпке бағынуы тиіс, - деді  жергілікті тұрғын Хосе Донизете.




Фото: ашық дереккөз
Загрузка...