Бас жаңалықтар
Бүгін Алматыда әйелдер онколог-гинекологтардан тегін тексеруден өте алады
23 Қаңтар 2021, 11:30 158

Бүгін Алматыда әйелдер онколог-гинекологтардан тегін тексеруден өте алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың 23 қаңтарында сағат 9-00-ден 13-00-ге дейін Алматы онкологиялық орталығында жетекші онколог-гинеколог мамандардың қатысуымен Ашық есік күні өткізіледі. Іс-шара Қазақстан Республикасындағы жатыр мойны обырының алдын алу апталығы аясында өткізіледі.

Алматы Онкологиялық орталығының онкогинекология бөлімінің меңгерушісі Райхан Болатбекова атап өткендей, әрбір әйелде жатыр мойны обырының пайда болу қаупі бар. Жатыр мойны обыры әйелдерде таралуы бойынша обырдың төртінші түрі. Тек өткен 2020 жылдың өзінде Алматы қаласында 145 жаңа жағдай тіркелген. Көбінесе ауру 30 жастан асқан әйелдерде анықталады.

Әйел жатыр мойны обырының ерте сатысында алдын алу және анықтау үшін үнемі тексеруден, скринингтен өтуі керек, сонда оның емі әлдеқайда жеңіл болады, сондай-ақ уақтылы қаралу кезінде 100% толық емделу мүмкіндігі бар, - деп атап өтті маман.

Ашық есік күні барысында әйелдер мамандардың тегін кеңесін алып, онкогинекологтан тексеріле алады.
Профилактикалық тексеру жүргізу уақыты мен орны Алматы қаласы, Папанин көшесі, 220, А литері, «Алматы Онкологиялық орталығы» ШЖҚ КМК 1 қабатында өтеді.

Ашық есік күнін өткізуге қатысты барлық сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарласуға болады: +7 701 222 12 93, +7 707 497 44 14.


Фото: дереккөз
Загрузка...