Бүгін Алматыда Octagon 15 турнирі өтеді

27 Қаңтар 2021, 17:50
1480
Бөлісу:
Бүгін Алматыда Octagon 15 турнирі өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін, 27 қаңтарда Алматыда Octagon қазақстандық промоушенінің ұйымдастыруымен Octagon 15 турнирі өтеді, деп жазады Prosports.kz.

Назарларыңызға аталған кештің тікелей трансляциясын ұсынамыз. 

Турнир Нұр-Сұлтан уақытымен 18:00-де басталады. басты жекпе-жекгінде екі қазақстандық файтер - Сағындық Мұқанов (8-3) пен Бауыржан Қуанышбаев (5-2) кездеседі. Олар жартылай орта салмақтағы (77 келі) чемпиондық белбеуді сарапқа салады. 

Кешті Octagon Youtube арнасынан және Setanta Qazaqstan телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады.

Өзгелердің жаңалығы