«Дарын» сыйлығына үміткерлердің құжатын қабылдау басталды

20 Мамыр 2021, 16:56
3416
Бөлісу:
«Дарын» сыйлығына үміткерлердің құжатын қабылдау басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ОКҚ-да өткен брифингте ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов айтты.

Осы жылы 20 мамырда «Дарын» сыйлығына үміткерлердің құжатын қабылдау басталды. Барлық талантты жастарды аталған байқауға қатысуға шықырамыз, - деді ол.

Өтінімдерді қабылдау 10 тамызға дейін жүргізіледі. Толық ақпаратты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ресми сайтындағы «Жастар саясаты» бөлімінде қол жетімді.

Үміткерлерге қандай критерийлер қойылады:

  • Өтінім беруші жастардың жасы 29-ға дейін болуы;
  • халықаралық және республикалық байқаулардың, спорттық жарыстардың жүлдегерлері болуы;
  • осы жастарды мемлекеттік және жергілікті органдар, шығармашылық ұйымдары, оқу орындары және қоғамдық бірлестіктер ұсынады.

«Дарын» сыйлығына лайық деп танылатын өз саласында жетістікке жеткен жастарды аталған сыйлыққа ие болу үшін шақырамыз. Сыйлықты иеленуге барлық мүмкіндік бар, - деп қорытындылады өз сөзін комитет төрағасы.

Еске сала кетейік, байқау «Әдебиет», «Ғылым», «Дизайн және бейнелеу өнері», «Журналистика», «Классикалық музыка», «Қоғамдық қызмет», «Спорт», «Театр және кино», «Эстрада», «Халық шығармашылығы» атты 10 номинация бойынша өтеді.

Өзгелердің жаңалығы