Бүгінгі күннің әкелеріне арналған форум

30 Қазан 2020, 16:25
1826
Бөлісу:
Бүгінгі күннің әкелеріне арналған форум

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен «Бүгінгі күннің әкелері» тақырыбына V-ші республикалық әкелер форумы оффлайн және онлайн форматта өтті.

Іс-шараның мақсаты - әкелік институтты дамыту, отбасылық құндылықтарды нығайту, гендерлік теңдік және жас ұрпаққа білім беру мәселелері бойынша мүдделі тараптар үшін диалог алаңын құру.

Форумды ашқан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Ләззат Сүлеймен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында әлеуметтік қолдау мен қорғауына, елдегі отбасылық-демографиялық жағдайды жақсартуына, отбасы институтына ерекше назар аударғанын, бұл балаға отбасында дұрыс тәрбие мен лайықты білім беруді, отбасының, қоғамның және елдің игілігі үшін адал өмір сүруге және жұмыс істеуге үйретуді қалай қамтамасыз ету туралы тағы бір рет ойлауға негіз екенін атап өтті.

Ағымдағы жылдың қиындықтарына қарамастан, біздің басты мақсатымыз ел экономикасын нығайту, азаматтарымыздың әл-ауқатын жақсарту және жас ұрпақты тәрбиелеу болып қала береді. Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия қоғамда және отбасында әкелік институттың рөлін арттыру жас ұрпақты тәрбиелеудегі маңызды міндеттердің бірі ретінде қарастырады, - деді Сенатор.      

Форумды «Әкелер Одағы» РҚБ төрағасы Мақсұтбек Айтмағанбет жүргізді. Форумда «Әкелер одағы» РҚБ және «Білім-Инновация» ХҚҚ 12-16 қазан аралығында «Әке жолы - ізгі жол» атты «Әкелер апталығы» онлайн режимінде өтті, сондай-ақ Instagram және ZOOM платформасы арқылы, өткізу тәжірибесімен бөлісті. Бұл іс-шара Қазақстанда «Білім-Инновация» ХҚҚ және «Дарын» РҒПО, Әкелер Одағы РҚБ-ның тікелей қолдауымен алғаш рет ұйымдастырылды.

Апта ішінде республиканың 70-тен астам мектептер мен 2,5 мыңнан астам белсенді әкелер байқаулар мен турнирлерге қатысты. Өзара іс-қимыл жасалынды, әкелердің бала тәрбиесіндегі беделін арттыруға, отбасылық құндылықтарды дамытуып нығайтуға серпін беретін тақырыптарды талқылады. Бұл іс-шараға 600-ден астам әкелер-қатысушылар онлайн режимінде қатысты.

Форумда отбасылық тәрбиенің өзекті мәселелері бойынша ата-аналар қауымдастығы, отбасылардың, балалардың мүдделерін қорғауға қатысатын үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік органдардың арасында сындарлы диалог өтті. Осы бағыттағы жұмысты жақсарту бойынша нақты ұсыныстар талқыланды.


Өзгелердің жаңалығы