Бүгіннен бастап Алматыда кинотеатр жұмысына рұқсат берілді

26 Қазан 2020, 16:58
1941
Бөлісу:
Бүгіннен бастап Алматыда кинотеатр жұмысына рұқсат берілді

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында айтты.

Кинотеатрдағы орындардың 30%-ы ғана толтырылады. Екіншіден бір кинотеатрға келетін көрермендердің саны 50-ден аспау керек деген талап қойылды. Оған қоса көрермендер арасында бір орын бос болу керек, - деді Бекшин. 

Оның айтуынша, Алматыдағы кинотеатрларды ашуға соңғы күндердегі эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтылығы әсер еткен.

Өткен аптада вирус жұқтырғандардың алшаңдығы әртүрлі, аурушаңдық деңгейі 44 оқиғаға дейін жеткен кезі болды. Дегенмен жағдайды тұрақтандыру үшін жұмыс жасадық. Соның ішінде мониторинг топтары да жұмысын күшейтті. Өткен күні вирус жұқтырудың күнделікті өсуі 0,1 пайызға дейін жетті. Ал репродуктивті саны, яғни бір адамның бірнеше адамға жұқтыру индексі 1,88-ге дейін жетті. Мәселен өткен бейсенбіде 44 жағдай болса, одан кейін аурудың деңгейі төмендеді. Жұма, сенбі және жексенбі күндері 20, 15 және 10-ға дейін түсті, - дейді ол. 

Сонымен қатар ол ҚР бас мемлекеттік санитар дәрігерінің №57 қаулысына сәйкес бірқатар нысанға шектеу шаралары енгізілгенін айтты.

Біріншіден тамақтану нысандарында кальянды пайдалануға тыйым салдық. Оған қоса ҚР бас мемлекеттік санитар дәрігерінің №57 қаулысымен медициналық әлеуметтік нысандарға санитарлық-дезинфекциялық режим алгоритмі енгізілді. Сондай-ақ осы жолы фудкордтардың жұмысы ашылмайды, оған да тыйым салынды. Сауда ойын-сауық орталықтары, сауда нысандарына толтырылуы 30 пайыздан аспайтын және бір келушіге 4 шаршы метрден кем емес арақашықтық сақталған кезде жұмыс істеуіне рұқсат беріледі, - деді Бекшин.

Өзгелердің жаңалығы