Бұл фильм адамгершілік пен әдеп шеңберінен әлдеқашан шығып кеткен – Бекболат Тілеухан

24 Қазан 2020, 01:44
3458
Бөлісу:
Бұл фильм адамгершілік пен әдеп шеңберінен әлдеқашан шығып кеткен – Бекболат Тілеухан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухан «Борат» фильміне қатысты әлеуметтік желідегі парақшасында үндеу жариялады.

Өзімізге ғана емес, өзгелерге, әсіресе алыс-жақын елдегі дипломатиялық инстанцияларға жетімді болу үшін БҰҰ-дағы алты тілдің бірі – орыс тілінде жасадым. Айналайын халқым, түсіністікпен қараңыздар. Еліміздің абыройы, халқымыздың намысы тапталып жатыр. Тәуелсіздігіміздің символы іспетті көк байрағымызды тексіздерге қорлатып отыра алмаймыз. Бұл үндеуді қолдауларыңызды сұраймын! – деді Мәжіліс депутаты.
Бекболат Тілеухан аталған фильмнің халықаралық құқықты бұзғанын айта келіп, депутат ретінде ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевқа, ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердіге, ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға және ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваға осы мәселеге қатысты түсініктеме беру керектігін айтты.

Сонымен қатар, депутат «ҚР Мемлекеттік рәміздері туралы» Заңды қайта қарауды ұсынды.



Өзгелердің жаңалығы