Былтыр 623 өрт болған

24 Ақпан 2021, 15:10
1441
Бөлісу:
Былтыр 623 өрт болған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Қуанар Базарбаев елордадағы өрт қауіпсіздігі жағдайы туралы өткен брифинг барысында айтты. 

Былтыр елордада 627 өрт болды. 22 адам қаза тапты. 2020 жылдың қорытындысы бойынша өрттерді 4% - ға азайтуға қол жеткізілді. Жарақат алғандар саны 46 адам, оның ішінде балалар – 6. Өрттен келген материалдық шығын 35 млн теңгеден астам соманы құрады, өрттерде 1 млрд теңгеден астам сомадағы материалдық құндылықтар құтқарылды, - деді Базарбаев. 

Ол атағандай, жыл сайын өрттердің орташа 50% - ы тұрғын үй секторына тиесілі, оның ішінде 57% - ы - жеке меншік сектор, 26% - ы-көп қабатты тұрғын үйлер, 17% - ы-өзге де тұрғын үйлер және шаруашылық құрылыстар.

Барлық тіркелетін өрттің 60%-ы күзгі-қысқы кезеңге келеді.Туындаған объектілер бойынша бөлу кезінде 2019 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда сауда объектілерінде 28% - ға, қойма үй-жайларында 50% - ға, көлік құралдарында 24% - ға өрттердің төмендеуі байқалады, - деді ол. 

Базарбаев атап өткендей, Нұр-сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті елорданың жеке секторында жылыту маусымы кезеңінде өрттердің алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шаралар кешенін жүргізіп жатыр.

Өрт қауіпсіздігі айлығы» басталғаннан бері 2020 жылдың 15 тамызынан бастап 42 мыңнан астам аулаларды аралап, өрт қауіпсіздігі бойынша жадынамалар таратылды, олардың барысында 55 мыңнан астам адамға нұсқау берілді. Әлеуметтік қорғау басқармасымен өзара іс-қимыл жасау кезінде халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын жеке тұрғын үйлерде тұратын 1543 отбасының тізімдері жасалды және есепке алынды,  аталған отбасылармен тұрғылықты жері бойынша мекенжайлық өрттерді-алдын алу жұмысы екі рет жүргізілген және 206 улы газды анықтау датчигі орнатылды, - деді ол.



Өзгелердің жаңалығы