Бюджет қаражатының 22,8 млрд теңгесін тиімсіз пайдалануға жол берілмеді

23 Қаңтар 2021, 12:45
1335
Бөлісу:
Бюджет қаражатының 22,8 млрд теңгесін тиімсіз пайдалануға жол берілмеді
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Атамекен» ҰКП, министрліктер, әкімдіктер және квазимемлекеттік сектор ұйымдарының қатысуымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алаңында өңірлердегі мемлекеттік сатып алулардың тиімділігі мәселелері талқыланды.

Агенттік баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Регион ГЗ» талдамалық жүйесі өңірлерде және министрліктерде мемлекеттік сатып алу тиімділігінің мониторингін жүргізуге мүмкіндік береді.

Елдің негізгі сатып алу алаңдарының деректерін біріктіретін «Сатып алудың бірыңғай терезесі» ақпараттық-талдау порталын Агенттік қызметкерлері бағаны негізсіз көтеру тәуекелдерін алдын ала анықтау үшін табысты пайдаланады.

Біз сатып алулар жоспарын және барлық өңірлер бойынша сатып алулардың өзін талдаймыз, бағаларды салыстырамыз. Жобаны іске асыру басталғаннан бері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірлесіп, шамамен 22,8 млрд теңге сомасындағы бюджет қаражатының тиімсіз пайдаланылуына жол берілмеді, - дейді Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов.
корр1.jpeg

Ол атап өткендей, бұл жүйе сатып алудың ашықтығын арттыруға ықпал етеді, бұл - мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында қойылған негізгі міндеттердің бірі.

Жүйе 2020 жылы пандемия мен төтенше жағдай режимі кезінде өзінің тиімділігін дәлелдеді. Портал мониторинг шеңберінде Агенттіктің мемлекеттік органдармен ұсынымдарын пысықтау нәтижесінде тәуекелді сатып алу санының он есе қысқарғанын көрсетті.

Ұлттық палатамен бірлескен жоба аясында мемлекеттік сатып алулардың баға комплаенсінің саласы біздің тарапымыздан күнделікті талдауға жатады. Оң нәтиже – үнемделген қаражат қана емес, сонымен қатар адамдардың тағдыры, біз алдын алу тәсілімен құқық бұзушылық жасаудың жолын кесеміз. Алдын алу тек біздің қызметіміз ғана емес, сонымен қатар барлық мемлекеттік органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдар да айналысуы тиіс, - деп атап өтті агенттік төрағасы Алик Шпекбаев.
«Регион ГЗ» модулі «Сатып алудың бірыңғай терезесі» порталының одан әрі дамуы болып табылады. Ұсынылған жүйеде жинақталатын есептер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық тәуекелдерін анықтауға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, талдаушы сатып алу бағасының көтерілгенін, бәсекеге қабілетсіздіктің жоқтығын, бағаның төмендеуін және басқа да бірқатар көрсеткіштерді көрсететін индикаторларды көре алады.

«САБТ» сатып алу нарығының ашықтығын арттыруға бағытталған, бұл кәсіпкерлердің басым бөлігін бірыңғай алаңдағы тендерлерге қатысуға ынталандырады. «Өз кезегінде бұл әділ баға белгілеудің, конкурстық ұсыныстардың сапасын жақсартудың және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетудің кепілі, – деп атап өтті таныстырылым барысында Нарықты мониторингілеу және сараптау орталығының басшысы Серікбек Елшібеков.

Спикер жүйенің әрбір өңірге және жеке мемлекеттік органға кешенді түрде қарауға мүмкіндік беретініне назар аударды. Мұндай тәсіл қолданыстағы тәжірибенің тұтас көрінісін қалыптастырады және рейтинг құруға мүмкіндік береді. Мемлекеттік органдар тарапынан порталды қолдану ведомстволарға өзіндік талдау жүргізуге мүмкіндік береді, мысалға, «бір көзден сатып алу» үлесінің теріс көрсеткіштері бойынша, оның негізінде нақты шаралар құруға болады.



Өзгелердің жаңалығы