Бюджетке түсетін әрбір оныншы теңге "Самұрық-Қазынадан" келеді

4 Маусым 2020, 22:03
1081
Бөлісу:
Бюджетке түсетін әрбір оныншы теңге "Самұрық-Қазынадан" келеді
VIDEO

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанның барлық негізгі компаниялары "Самұрық-Қазына"  қорының ішінде. Қор компанияларының жалпы активі 28 трлн теңгені құрайды. Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңестің отырысында айтты.

Елбасы аталған қордың экономикалық дамудағы маңызы өте зор екенін, сондықтан "Самұрық-Қазынаның" жұмысын ерекше бақылап отырғанын жеткізді. 
Биылғы жыл қиын жыл болып отыр. Коронавирус пандемиясы жаһандық экономикалық дағдарысқа ұшыратты. Әлемдік экономика және сауда дүниежүзінде тоқтап, төмендеді. Бұл факторлардың барлығы біздің елімізге өз әсерін тигізеді. Осы орайда біз үшін қалыптасқан күрделі ахуалға тез бейімделу өте маңызды, - деді Н. Назарбаев.
Сонымен қатар, ол сәуір айында дағдарыстан кейінгі кезеңдегі экономиканы қалайша көтеру қажет екенін талқыланғанын айтты. 
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев нақты шаралар туралы мәлімдеме жасады. Үкімет экономикалық өсімді қалпына келтіру жоспарын бекітті. Бұл шаралар дер кезінде қабылданды және қазіргі ахуалға сай. Қазақстанның барлық негізгі компаниялары осы қордың ішінде. Қор компанияларының жалпы активі 28 трлн теңгені құрайды. Бұл біздің ішкі өнімнің 40% жақын. Бұл жерде 300 мың қызметкер жұмыс істейді.  Бюджетке түсетін әрбір оныншы теңге "Самұрық-Қазынадан" келеді, – деді ол. 
Елбасы сөз арасында қиындыққа қарамастан барлық компания жұмыстарын жалғастырып жатқанын айтты. 
Қордың өткен жылғы оң динамикасы биылға резерв құруға мүмкіндік ашты.  Енді компаниялардың тиімділігін арттыру үшін нақты шаралар қабылдау қажет, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
 
Өзгелердің жаңалығы