Бюрократиялық процестер мемлекеттік бағдарламаларды халыққа жеткізбей жатыр - сарапшы

28 Мамыр 2020, 17:28
1503
Бөлісу:
Бюрократиялық процестер мемлекеттік бағдарламаларды халыққа жеткізбей жатыр - сарапшы

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Әр мемлекеттік бағдарлама халықтың жағдайын көтеруге бағытталу керек. Өкінішке қарай бізде бюрократиялық процестерден мемлекеттік бағдарламалар халыққа жетпей қалып жатады.

Бұл туралы Whiteshield Partners компаниясының Еуразия елдері бойынша директоры Ернар Жаркешов Әлемдік экономика және саясат институтының алаңында өткен конференцияда айтты.

Әлемдік экономика және саясат институты мен Whiteshield Partners консалтингтік компаниясы бірлесіп кеңістіктік даму бойынша сараптамалық зерттеу жүргізген. Оның негізгі міндеттері әлеуметтік-экономикалық даму тұрғысынан өңірлердің қазіргі жай-күйін айқындау, өсіп келе жатқан ішкі қатерлер мен әлемдік трендтер негізінде кеңістіктік дамудың жаңа моделін қалыптастыру, өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында бюджетті және басқа да ресурстарды шоғырландыру үшін тиімді тетіктерді айқындау.

Ернар Жаркешев өңірлердегі инклюзивтік дамуды қамтамасыз ету үшін ірі кәсіпорындарды және мүдделі тараптарды тартумен мықты экономикалық институттарды құру қажеттігін айтады. 
Бұл жердегі ең басты мәселе қағазбастылықтан, бюрократиядан арылып, халықтың жағдайына, ыңғайын көшу қажет. Бірінші орында қарапайым халық болу керек.  Әр мемлекеттік саясат, бағдарлама халықтың жағдайын көтеруге бағытталу керек. Өкінішке қарай бізде бюрократиялық процестерден мемлекеттік бағдарламалар халыққа жетпей қалып жатады, - дейді ол. 

Сарапшы сондай-ақ, әр аймақта өңірлік даму агенттіктері құрылып және олардың өзіндік экономикалық даму стратегиясы болу керек деген ойын білдірді. 
Стратегияны  даму агенттігі әкімдікпен бірге жасау керек және ол қамқоршы кеңеспен басқарылу қажет. Қамқорлық кеңесіне бейінді министрліктер, жекеменшік ұйымдар, кәсіпкерлер және халықтан шыққан белсенділер кіру керек, - деді ол.
Өзгелердің жаңалығы