Чили пластикалық пакеттерді пайдаланудан толығымен бас тартты

4 Тамыз 2020, 09:48
1072
Бөлісу:
Чили пластикалық пакеттерді пайдаланудан толығымен бас тартты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еурокомиссияның ақпаратына сәйкес, мұхиттарға зиян келтіретін қоқыстың 80%-дан астамы пластикке тиесілі.

Оңтүстікамерикалық Чили билігі сауда саласында пластикалық пакеттерді пайдалануға түпкілікті тыйым салды. Бұл туралы 3 тамызда елдің Қоршаған орта министрі Каролина Шмидт Twitter-де хабарлады. Ол пластиктен бас тарту елде 2018 жылдың 3 тамызында басталғанын атап өтті.

Бүгін соңғы қадам жасалды - шағын және орта дүкендерде пластикалық пакеттерге тыйым салынды, - деп жазды Шмидт.

Бұған дейін оларды супермаркеттерде пайдалануға тыйым салынған болатын, бұл, шенеуніктердің пікірінше, екі жылда бес миллион пакеттің сатылуына жол бермеді.

Заң бұзған дүкендер сатылған әр пакет үшін 250 мың песоға дейін (шамамен 330 доллар) айыппұл төлейді.

Енді полиэтиленді тек өнімдердің балғындығын сақтау үшін немесе гигиеналық мақсаттарда ғана қолдануға болады. Ірі компаниялардың пакеттерден толық бас тарту үшін алты ай бар. Шағын бизнеске бас-аяғы екі жыл беріледі.

Өзгелердің жаңалығы