COVID-19. 60-тан астам адамның жағдайы өте ауыр

19 Қаңтар 2021, 09:01
961
Бөлісу:
COVID-19. 60-тан астам адамның жағдайы өте ауыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 19 қаңтардағы мәлімет бойынша,  24 894 адам короновирус инфекциясынан (13 226 КВИ+ және 11 668 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 6 485 пациент стационарда, 18 409 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.

КВИ+, КВИ-  шалдыққандардың арасында:

• 312 адамның жағдайы ауыр;

• 61 пациенттің жағдайы өте ауыр;

• 49 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр. 

COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерек

2021 жылғы 17 қаңтардағы мәлімет бойынша 18 жағдай тіркеліп, 2 жағдай өліммен аяқталған. 43 адам жазылып шыққан.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап:

Науқастар саны – 46 866, өлім жағдайлары - 542, барлығы 34 656 адам сауығып шықты.

Өзгелердің жаңалығы