COVID-19. Әлемдік ахуал

10 Сәуір 2021, 17:10
1653
Бөлісу:
COVID-19. Әлемдік ахуал

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осы аптада Франция Еуропадағы індет қауырт тараған елге айналды - пандемия басталғаннан бері індетті жұқтырғандардың жалпы саны бес миллионға жуықтады. 

Сонымен қатар, жергілікті медициналық орталықтар алдын-ала жазылуына қарамастан көптеген азаматтардың екпе алуға келмей салғырт қарайтындықтарына шағымдануда.

Венесуэланың солтүстігіндегі Сукре штатының билігі COVID-19 жұқтырған және коронавирусқа күдігі бар адамдарға үйлерінің сыртына арнайы қызыл белгі қоюға мәжбүр етуде. Аталған штаттың мэрі бұйрықты орындамағандарға ең төменгі жалақы мөлшерінен бірнеше есе көп айыппұл салынатынын жеткізді, ал карантин шараларын бұзушылар тегін азық - түлік жиынтықтары мен газдан құр қалатын көрінеді.

Бейжіңде түрлі-түсті жапсырмалар қолданыла бастады. Бұдан былай дүкендер, мейрамханалар және басқа да мекемелердің ғимараттары қызметкерлердің кем дегенде 80% - ы коронавирусқа қарсы егілсе, "жасыл", 40% - дан 80% - ға дейін "көк" және 40% - дан аз болса "қызыл" жапсырмамен белгіленетін болады.

Бразилияда пандемия басталғалы 213 миллион халықтың 13 миллион 200 мыңға жуығы коронавирус инфекциясын жұқтырған. Жерлеу рәсімін ұйымдастырушылар қайтыс болған адамдардың санының көптігінен тәулік бойы жұмыс істеуге ауыстырылған. SARS CoV2 айналымын бәсеңдету үшін ел үкіметі қатаң шектеу шараларын енгізуде.

Өзгелердің жаңалығы