Бас жаңалықтар
COVID-19. Алматыда қазанға дейін екі стационар ашылады
14 Тамыз 2020, 12:54 176

COVID-19. Алматыда қазанға дейін екі стационар ашылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда 1 қазанға дейін екі стационар ашылады. Бұл қонақүйлер базасында ашылған клиникалық ауруханалар болмақ.  Бұл туралы Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қамалжан Надыров онлайн брифинг барысында айтты.

Біз резервтік төсек-орын сыйымдылығын арттыруды жалғастырамыз. Жаңа модульдік аурухананың құрылысы тез жүріп жатыр. Бұл - 300 төсек-орынға арналған екінші модульдік инфекциялық аурухана. Оның ішінде 30 реанимациялық бөлім болады. Сондай-ақ, аурухананы медициналық жабдықтармен және қажетті кадрлармен қамтамасыз ету мәселелері де қарастырылуда. Бұл стационар бірінші эшелонның толыққанды клиникасы ретінде жұмыс істейді. Сонымен қатар, әр палата барлық медициналық техникамен және 100 пайыздық оттекпен қамтамасыз етілетін болады, - деді Қамалжан Надыров.
Сонымен қатар, күзде барлық стандартқа сай жасақталып, екі клиникалық аурухана қонақүй базасында ашылады. 
RAMS компаниясының жеке бастамасы бойынша Алматыда 1 қазан дейін екі стационар ашылады. Бұл қонақүйлер базасында ашылған клиникалық ауруханалар болмақ. Онда 215 төсек-орын және 34 реанимациялық бөлім ашу жоспарлануда. Қонақүйлер барлық стандартқа сай жасақталады. Стационарларда қадағалау, операциялық бөлімдер және амбулаториялық бөлімдер қарастырылады. Ғимарат жеке кіреберістері мен дезинфекциялық жүйелері орнатылаған үш зонаға бөлінеді, - деді қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.
Емханалар медициналық персоналдың вирусты жұқтыру қаупін азайтуға мүмкіндік береді. Ол үшін клиниканы арнайы техникамен жабдықтау жоспарда бар.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...