COVID -19 бақылайтын веб-қосымша іске қосылды

5 Маусым 2020, 12:16
2269
Бөлісу:
COVID -19 бақылайтын веб-қосымша іске қосылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық денсаулық сақтаудың ұлттық орталығында "COVID -19 бақылау орталығы" веб-қосымшасы іске қосылды. Бұл туралы қоғамдық денсаулық сақтау орталығының баспасөз қызметі хабарлады.

Төтенше жағдайдың алғашқы күндері Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі қазақстандық IT әзірлеушілермен бірге министрліктің ресурстары негізінде COVID-19 таралуына қарсы бірқатар IT-шешімдерді әзірледі.

 Осы шешімдердің бірі - "COVID-19 бақылау орталығы" веб-қосымшасы. Веб-қосымша басқа елдерден келген, сондай-ақ ауру жұқтырған және байланыста болған адамдарды бақылайды. 

Қосымша 10 сәуірде іске қосылды. Ол пайдаланушыларға қолайлы етіп әзірленді. Бұл жүйенің мақсаты - ҚР аумағында COVID-19 таралуын мониторингілеу және есепке алу. 

Қосымша ақпарат алуға, пациенттерге бақылау жасауға және оларды есепке алуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. ДДСҰ өкілдері қазақстандық тараптың әзірлеген жұмысын жоғары бағалап, веб-қосымшаның функционалдығы мен қолайлылығын атап өтті. 

Сондай-ақ, ДДСҰ тарапынан қазақстандық әзірлемені басқа елдерде пайдалануды талқылау ұсынылды.
Өзгелердің жаңалығы