COVID-19: Ел шекарасы қайта жабылуы мүмкін бе?

11 Қыркүйек 2020, 16:40
25239
Бөлісу:
COVID-19: Ел шекарасы қайта жабылуы мүмкін бе?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет тарапынан Қазақстанның шекарасын жабу немесе белгілі бір шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдануы да мүмкін деп мәлімдеді Бағдат Қожахметов.

Әлемде коронавирустың қайта өршуіне байланысты Қазақстан шекарасы қайта жабылуы мүмкін бе? БАҚ өкілінің бұл сауалына Орталық коммуникациялар қызметінде өткен күзгі-қысқы кезеңдегі КВИ және жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша эпидемиологиялық іс шаралар туралы онлайн брифингте Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов жауап берді.

Оның айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанмен шекаралас мемлекеттердің және жалпы әлемдегі эпидемиологиялық жағдайды қадағалап отырады. Ведомство мұны басшылыққа алған. Өйткені бұл елде коронавирустың екінші толқынының алдын алу үшін маңызды шара. 

Үкімет тарапынан Қазақстанның шекарасын жабу немесе белгілі бір шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдануы да мүмкін. Бұл еліміздегі және әлемдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты болмақ, - деді Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов.

Бұған дейін ол брифинг барысында вирус өршіген жағдайда ауруханалар бір мезетте 70 мың адамды қабылдай алады деген болатын.

Өзгелердің жаңалығы