Елордада COVID-19-бен күреске медициналық университеттің түлектері жұмылдырылады

2 Шілде 2020, 22:25
1262
Бөлісу:
Елордада COVID-19-бен күреске медициналық университеттің  түлектері  жұмылдырылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада COVID-пен күреске медициналық университет пен колледждің 536 түлегі жұмылдырылады. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Елорда әкімі Алтай Көлгінов медициналық оқу орындарының ректорларымен түлектерді жұмысқа орналастыру мәселесін талқылады.

Мәселен, түлектерді емханалар мен ауруханаларға, стационарлар және жедел жәрдем станцияларына бөледі. Түлектердің бірқатары 3 шілдеден бастап жұмысқа кіріседі. 

Қала әкімдігі науқастарды емдеуге арналған төсек-орындар санын арттыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде. Рамада Плаза ғимаратында 500 төсек-орын орналасқан. Бөлмелер қарқынды терапия палаталары мен емшара кабинеттері үшін қайта жабдықталған. Барлық қажетті медициналық жабдықтар бар. 

Өткен аптада 800-ден астам орын әзірленді: №1 көпсалалы қалалық аурухана толығымен жұқпалы аурулар стационарына аустырылды, онда 600 орын бар. Сондай-ақ Ұлттық ғылыми медициналық орталықтың, Қорғаныс министрлігі госпиталінің және ҰОС клиникалық госпиталінің базасында төсек-орындар құрылды. 

Жедел жәрдемге хабарласатындар саны күніне мыңнан 4 мыңға дейін артқандықтан жедел жәрдем станциясы базасында ахуалдық орталықтың жұмысы іске қосылды. Мамандар бір мекеме толып кетпеуі үшін КВИ анықталған науқастарды стационарға жібереді. Сондай-ақ жедел жәрдем станциясының телеграм-боты (@ns103bot) жұмыс істейді, бот арқылы қала тұрғындары жедел жәрдем шақыра алады. Жедел медициналық көмек бригадаларының саны да артты. 

Сонымен қатар, телемедицинаны пайдалану тәжірибесі жалғасуда. Коронавирустың симптомсыз тасымалдаушыларын емдеу үшін, медицина қызметкерлері бейнеқоңырау арқылы денсаулықтарын бақылап, инфекцияның симптомсыз тасымалдаушыларына барлық мәселелер бойынша кеңес береді.


Өзгелердің жаңалығы