Бас жаңалықтар
COVID-19. Елордадағы стационар 2000-дай жолаушыны қабылдады
21 Қазан 2020, 21:26 125

COVID-19. Елордадағы стационар 2000-дай жолаушыны қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ПТР тестісіз халықаралық рейстермен елордаға келген қазақстандықтар карантин стационарына жіберіледі, олар коронавирус инфекциясына тексеріледі.

Бүгінгі таңда мекеме 2000-ға жуық әуе жолаушысын қабылдады. Үш жолаушыдан тестілеудің оң нәтижесі анықталды.

Бүгін таңертең Шарм-әл-Шейхтен Нұр-Сұлтанға ұшып келдік. Бізде ПТР анализі болмады, сондықтан карантин стационарына жатқызды. Нәтиже шыққанға дейін осында боламыз. Менің ойымша, бұл маңызды шара. Біріншіден, өзіңіздің қауіпсіздігіңіз үшін. Екіншіден, отбасы мен жақындарыңызды қорғау үшін, - дейді елорда тұрғыны Гүлмира Ерғазина.

Карантиндік стационарына адамдарды автобустармен жеткізеді. Онда олар үшін тамақ пен уақытша қонақ үй ұйымдастырылған.

Бізді әуежайда ұйымшылдықпен қарсы алды, автобустармен ауруханаға алып барды, чемодандар кіре берісте өңделді, орналастырылды, тіркелді. Біз сынақтан өттік. Барлығы ұйымдастырылған. Қызметкерлердің біздің ашу-ызамызды шыдамдылықпен тыңдап, түсіндіріп, бізге барлық жағынан көмектескендері ұнады. Өткізіліп жатқан барлық іс-шараларды түсіністікпен қабылдау керек, өйткені бәрі біздің игілігіміз үшін жасалады, - деді елордаға оралған қала тұрғыны Ринат Мендикеров.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда халықаралық рейстермен келетін азаматтарға қатысты шектеу шаралары қазан айының басынан бастап күшіне енді. Егер келушілерде ПТР тестін теріс нәтижемен өткендігі туралы сертификаты болмаса, онда олар карантинге орналастырылады, оның барысында талдау жасалады. Олар ауруханада екі күнге дейін жата алады.


Фото: дереккөз
Загрузка...