COVID-19: Ғалымдар екпені қашан алуға болатындығын айтты

17 Қаңтар 2021, 11:02
1292
Бөлісу:
COVID-19: Ғалымдар екпені қашан алуға болатындығын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ғалымдар COVID-19-дан сауығып шыққандарға екпені қашан алуға болатындығын айтты.

Індетті жұқтырып, артынан жазылып шыққан уақыты мен екпе егу арасындағы кезең шамамен екі-үш айды құрау керек екендігін Гамалея орталығының директоры Александр Гинцбург мәлімдеді.

Егер адам коронавируспен жеңіл түрде ауырып шықса, ағзада вирустың жоқтығына көз жеткізген бойда екпе егуге болады.

Адам толық сауығып шығу керек, жазылып шыққаны зертханалық жолмен дәлелденуі керек, яғни норма бойынша – екі немесе үш рет жасалынған ПТР талдауы нәтижелері теріс болуы керек. Содан кейін адам физикалық тұрғыда қайта қалпына келуі керек, - деді Гинцбург.

Өзгелердің жаңалығы