Бас жаңалықтар
COVID-19: Көз жұмған павлодарлық артериялық гипертензиямен диспансерлік есепте тұрған
03 Маусым 2020, 09:03 181

COVID-19: Көз жұмған павлодарлық артериялық гипертензиямен диспансерлік есепте тұрған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында коронавирустық инфекциядан өлім жағдайы тіркелді. Бұл туралы Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Коронавирустық инфекция Павлодар қаласының 1935 жылы туған тұрғынында расталған.

Науқас жылдар бойы артериялық гипертензиямен диспансерлік есепте тұрды. 2020 жылдың 26 мамырында емделушінің үйінде дене қызуы 38*С көтерілген, тамақтың ауыруына шағым түсті. Емхананың үйдегі мобильді бригадасының дәрігері қарады. ЖРВИ диагнозы қойылған, ем тағайындалған. COVID 19-ға анализі алынды, ол теріс нәтиже көрсетті. 28 мамырда әйелді жедел жәрдем бригадасы провизорлық госпитальдің пульмонологиялық бөлімшесіне жеткізді. Әйелдің жағдайы ауыр, жөтелге, жалпы әлсіздікке, дене қызуының 39,5 с дейін жоғарылауына шағымданды. Жағдайдың ауырлығын және тыныс алу жетіспеушілігін ескере отырып, қабылдау бөлмесінде қарқынды терапия палатасына жатқызылды, кейін ӨЖЖ аппаратына қосылды. 2020 жылдың 31 мамырында COVID-19-ға анализ қайта алынды, нәтижесі (01.06.2020 ж.) - оң. 2020 жылдың 1 маусымында сағат 15:50-де реаниматолог маманның қатысуымен  реанимобиль көлігімен жұқпалы ауруханаға ауыстырылды. Инфекциялық стационарға түскен кезде жағдайы өте ауыр, ӨЖЖ-ға реанимациялық бөлімшеге жатқызылды, - делінген хабарламада. 
Науқасқа барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп, қажетті мамандарға кеңес берілген. Емдеу бекітілген стандарттарға, ауруларды диагностикалау және емдеу хаттамаларына сәйкес жүргізілді.

Қарқынды терапияға қарамастан, 2020 жылдың 01 маусымында 17 сағат 05 минутта пациенттің биологиялық өлімі анықталды.

Өлім-жітімді зерттеу жөніндегі комиссияның шешіміне сәйкес өлім жағдайы коронавирустық инфекция ретінде тіркелген.



Фото: дереккөз
Загрузка...