COVID-19: Қазақстан «қызыл» аймаққа ауысты

27 Қаңтар 2021, 19:33
1587
Бөлісу:
COVID-19: Қазақстан «қызыл» аймаққа ауысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Соңғы екі айда Қазақстанда эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы байқалады және бүгінгі күні еліміз коронавируспен сырқаттану бойынша «қызыл» аймаққа ауысты. 

Бұл туралы бүгін ОКҚ брифингінде денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов мәлімдеді.

27 қаңтардағы жағдай бойынша ҚР-да COVID-19 оң нәтижесімен 181 117 науқас және КВИ-мен 47 575 жағдай тіркелді. КВИ+ бар 163 156 науқас және КВИ-мен 35 348 науқас сауығып шықты. Бүгінде инфекциялық ауруханалардың 31%, ал реанимация бөліміндегі төсек орынның 20%-нда науқастар жатыр. 

Соңғы 2 айда коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы байқалады. Қазақстан Республикасы тәуекелі төмен аймақтан немесе «жасыл» аймақтан тәуекелі жоғары аймаққа немесе «қызыл» аймаққа ауысты. Төмен тәуекел аймағынан жоғары тәуекел аймағына немесе «қызыл» аймаққа 4 өңір: Батыс Қазақстан, Атырау облыстары, Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары ауысты. Сондай-ақ «қызыл» аймақта Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола және Қостанай облыстары қалып отыр. Орташа тәуекел аймағында немесе «сары» аймақта бүгінгі күні Қарағанды облысы тұр. Қалған өңірлер «жасыл» аймақта, - деді Шоранов.

Инфекция жұқтыру бойынша күн сайынғы мониторингке сәйкес, қаңтар айында желтоқсанмен салыстырғанда республиканың 8 өңірде науқастар саны 10 пайызға артқан. Атап айтқанда, КВИ жұқтырғандар СҚО, Павлодар, Қостанай, Ақмола, БҚО, Атырау облыстары, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында көптеп кездеседі, онда елімізде тіркелген жағдайлардың 73%-ы тіркелген. 

Өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, әкімдіктер күшейтілген карантиндік шаралар қабылдады.

Эпиджағдайды бақылау кезінде КВИ-ге шалдыққандардың 50%-ы түрлі шағым айтып, медициналық көмекке жүгінгендер арасында, ал 33%-ы байланыста болған адамдарды тексеру кезінде, 16%-ы профилактикалық мақсатта тексеру барысында, 1%-ы науқасты ауруханаға әкелгенде анықталатыны белгілі болды.  

Бұл карантин шараларынның сақталмауының салдарынан вирустың таралуын, атап айтқанда, халық көп жиналатын жерлерге баруды, жеке қорғаныс құралдарын пайдаланбауды көрсетеді, - деп атап өтті бірінші вице-министр.

Сондай-ақ халықтың жекелеген топтары арасында аурудың өсуі байқалады. Бұл белсенді өмір салтын ұстанбайтындар мен зейнет жасындағы жұмыс істемейтін халық арасында жиі болып отыр. Мамандар бұл қорғаныс құралдарын пайдаланбаудың салдарынан болып отыр немесе бір шаңырақ астында тұратын азаматтардың инфекцияны сырттан әкелуі салдарынан деп түсіндіреді. Егде жастағы науқастардың ең көп саны Ақмола, Алматы және Павлодар облыстарында жиі тіркелуде, олардың үлесі 25-30% құрайды.
Өзгелердің жаңалығы