Бас жаңалықтар
COVID-19: Қытай бес күнде госпиталь тұрғызды
16 Қаңтар 2021, 17:28 261

COVID-19: Қытай бес күнде госпиталь тұрғызды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ Қытай елі бес күнде мың жарым палатасы бар коронавирусқа қарсы ем алушыларға арнап госпиталь салды.

ТАСС-тың хабарлауынша, Хэбэй провинциясының Наньгун қаласында тұрғызылған госпитальдің әр палатасы жоғары деңгейдегі вентиляция, интернетпен қамтамасыз етілген. Медициналық мекеме жақын аудандардан науқастары қабылдауды бастаған. Қытай билігі елде тағы осындай алты госпиталь салуды жоспарлап отыр. Онда 6,5 мыңға дейін арнайы палата болады деп күтілуде.  

Жаңадан салынған госпитальдегі стандартты палата 18 шаршы метрді құрайды. Вентиляция мен интернеттен бөлек әр палата санитарлық тораптармен жабдықталған. 

Қытай билігі пандемия коронавирустың өршуіне байланысты Хубей провинциясында мобильдік госпитальдер сала бастаған болатын.

Пандемия басталғалы бері елде коронавирустың 87 844 жағдайы тіркелді, 4635 адам көз жұмды.


Фото: дереккөз
Загрузка...