COVID-19: Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймаққа енді

10 Желтоқсан 2020, 10:07
3323
Бөлісу:
COVID-19: Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймаққа енді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы жариялаған Қазақстан облыстарының эпидемиологиялық ахуалын бағалайтын матрицада айтылған. 

Сонымен, орталықтың бағалауынша, «қызыл» аймақтан Солтүстік Қазақстан облысы шыққанымен, Нұр-Сұлтан қаласы кірген. Елордамен қатар Павлодар облысы «қызыл» аймақта тұр.

Ал  «сары» аймақта Қостанай, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары бар.

Қалған өңірлердің бәрі де «жасыл» аймақта.

COVID-19: Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймаққа енді

Өзгелердің жаңалығы