COVID-19: Ресейде 4 мыңға жуық адам қайтыс болған

28 Мамыр 2020, 07:06
1257
Бөлісу:
COVID-19: Ресейде 4 мыңға жуық адам қайтыс болған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейде коронавирустан қайтыс болғандардың саны 3968-ге жетті, олардың 101-і медициналық қызметкер, деп хабарлайды РИА Новости.

Басылымның мәліметінше, бір тәулікте COVID жұқтырғандардың саны 8338-ге жеткен, ал бір тәулік ішінде қайтыс болғандардың саны 161-ге жеткен.

Осылайша Ресейде коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 370 680 болды. 142 208 адам айықса, 3968 науқас қайтыс болған.

Хопкинс университетінің мәліметінше, бүгінде Ресей коронавирус жұқтырғандар саны бойынша әлемде үшінші орында тұр. 1-орында АҚШ тұрса, екінші орында Бразилия тұр екен.



Өзгелердің жаңалығы